4G термині ұялы сымсыз стандарттардың төртінші ұрпағын білдіреді. Ол стандарттар тобының 2 және 3 ұрпақтарының ізбасары болып табылады. Ұрпақ номері бұрынғы технологиялар мен жиіліктермен кері сыйымдылығы жоқ және қызмет көрсету принциптерінің іргелі ауысуын білдіреді.
1G бірінші ұрпақ стандарты 1981 жылы аналогты желінің түсініктемесі ретінде пайда болды.
2G байланыс стандарты каналдар коммутациясымен сандық жүйе (әлемдегі ең кең таралған желі 2G - GSM) бола тұрып, 1992 жылы рәсімделді.
Кейін бұл стандарт каналдар коммутация принципін жартылай ұстана отырып, ары қарай мультимедиа қызметтерін кем дегенде 200 Кбит/с беріліс жылдамдығымен демеу үшін 2002 жылы дамытылды да, 3G атауға ие болды.
Аз уақыт ішінде 4G термині де пайда болды, ол 1Гбит/с жылдамдыққа дейін ұялы рұқсаттаманы қамтамасыз ететін берілістің мультижиілікті ортасы базасында IP –хаттама негізінде толық пакетті коммутациялы желіні білдіреді.
Шолу
4G жүйелерінен телефония, Интернетке жоғары жылдамдықты кіру, мультимедианың ағындық қосымшалары және осындай т.б. сервистерге қолданушы қол жеткізе алатын, IP –хаттамасы негізінде тегіс қамтитын және қауіпсіз шешім бола алады деп күтілуде.
4G термині Халықаралық Электрбайланыс одағының (МСЭ-Р) радиобайланыс секторымен анықталған IMT-Advanced стандартымен түсіндіріледі.
Стандарттар жайлы ақпарат
2009 жылдың қыркүйегінде МСЭ-Р-қа 4G стандарттарын қабылдау туралы ұсыныс жасалды. Айта келетін болсақ, ол екі технологияға негізделген:
- IEEE –да стандарт ретінде қабылданған 802.16m (Wimax),
- 3GPP-да стандартталған LTE Advanced.
MobileWimax
MobileWiMAX деп белгілі IEEE 802.16e-2005 стандарты канал ені 20МГц кезінде ақпаратты алуға 128 Мбит/с және жіберуге 56 Мбит/с жылдамдықты қамтамасыз ететін ұялы кеңжолақты сымсыз рұқсаттаманың сипаттамасы болады.
Бұл стандарт IMT-Advanced критерийлеріне сәйкес келетін IEEE 802.16m стандарты деңгейіне дейін дамытылуда, және ол стационарлы қолданушы үшін 1Гбит/с дейін және стационар үшін 100Мбит/с дейін жылдамдықты қамтамасыз етеді. WiBro бренд атымен әлемде MobileWimax-ты енгізу 2006 жылдың 30 маусымында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында іске асқан болатын. MobileWimax-ң бірінші коммерциялық желісі AERO бренд атауымен 2008 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстанның Қарағанды қаласында іске қосылды.